CaspianLife, 2 ақпан — Өзбекстанда былтыр 3 мыңнан астам шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылы республикада 2965 қылмыстық іс тіркеліп, 3116 лауазымды тұлға жауапқа тартылған. Оның 110-ы республикалық, 264-і облыстық, 2742-сі аудандық (қалалық) басқарма қызметкерлері.
«Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандар өзгенің мүлкін иемдену және жымқыру, қызметтік бабын асыра пайдалану, алаяқтық, пара алу, лауазымдық жалғандық, лауазымдық немқұрайлылық, билікті асыра қолдану және басқа да қылмыстар», — деп хабарлайды Бас прокуроратурадан.