CaspianLife, 27 қаңтар — Аманат партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық кеңес отырысында жемқорлыққа қарсы жасалар жұмыс талқыланды. Жиналғандар қазіргі қоғамның жегі құртына тосқауыл болу – партия мен оның мүшелерінің басты міндеті екендігін айтты, деп хабарлайды CaspianLife.
Статистикаға қарасақ, жемқорлық дерегі жыл сайын көбеймесе, азайып жатқан жоқ. Соңғы үш жылда мемлекеттік органдар бойынша 18 дерек тіркелген. Оның көбісі – алаяқтық, жымқыру, парақорлық және қызмет бабын асыра пайдаланумен байланысты. Заңсыздық жасауға қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері, қалалық полиция және қызметтер мен тауарлар сапасын бақылайтын департамент құмар. Қазіргі кезде 9 адам кінәлі деп танылған. 3 іс қаралып жатыр. Дей тұрғанмен «жемқорлыққа қарсы жасалар іс-шараны үнемі жетілдіріп отырамыз», — дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Және оның жолын да білетін көрінеді.
«Біздер қоғамдық бақылау, олар шақырып бізге халықтың атынан, қоғамның атынан бізге есеп береді. Олар ұғыну үшін өзінің жұмысындағы қандай сыбайлас жемқорлық туындау тәуекелділіктері бар, соның ақиқатына жету керек. Әңгіме сонда. Ішкі талдау деген сол. Егер соның ақиқатына жетіп содан манағы соны есептей отырып,ойлап содан манағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары туындауы керек. Әр мекемеде болу керек ол» — деді AMANAT партиясы АОФ жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы Сайын Қуанышев.