CaspianLife, 23 қаңтар — Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өндірісінде «QNET» қаржылық пирамидасы ұйымдастырушы және басшылығына қатысты қылмыстық тергелуде, жеп хабарлайды CaspianLife.
«QNET» қаржылық пирамидасы тартылған ақша қаражаттарын кәсіпкерлік бағытта емес, тіркелушілерді басқа тұлғалардың жарналары есебінен баюға және жылжымайтын мүлікке ие болу мүмкіндігімен қатар, Республика шегінен тыс шет елдерінде саяхаттауға қызықтыру арқылы, аталған компанияға 2000 АҚШ доллары сомасында қаражат тарту арқылы азаматтарға материалдық шығын келтірілген.
Осыған орай, аталған «QNET» қаржылық пирамидасы әрекетінен зардап шеккен Атырау облысы аумағынының тұрғындарынан Атырау қаласы, Абай 8 көшесі бойынша орналасқан Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне келіп арыздануға, немесе +7708 362 62 98 санды ұялы телефон нөмірінің «WhatsApp» желісіне өздерінің толық аты-жөндерін, тұрғылықты мекен-жайларын, ұялы телефон нөмірлерін жазу сұралады.