CaspianLife, 18 қаңтар — Каспий теңізінде мұз қатуы себепті маңғыстаулықтардың тұщы сусыз қалулары мүмкін. Өйткені жел мен мұз «МАЭК» энергокомбинатының 1-ші және 2-ші жылу электр орталықтарындағы су жинайтын арналардағы су деңгейін төмендетіп жіберген. Әзірге заңды тұлғаларға су беру қызметі жартылай тоқтатылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Қазір мұз басқан су тоғандары жылытылуда. Ыстық суды жеткізу үшін 11 су таситын көлік пен 3 арнайы техника жұмылдырылған. Теңіз суы деңгейінің күрт төмендеуі тек су тұшыту ғана емес, жылу және электр энергиясын өндіру жұмыстарына да кедергі келтіруде.
«Маңғыстау энергетикалық комбинаты өндіретін барлық энергия тасымалдаушы, соның ішінде су тұшыту кешеніне қауіп төніп тұр. Ыстық су құйғаннан кейін арықтағы су деңгейі 2 метрге дейін көтерілді. Таңертең, бұл көрсеткіш 1,5 метр ғана болған» — деді «МАЭК» ЖШС департамент басшысы Алексей Смоленский.
Теңіз жағалауының мұз құрсауында қалуы — Мұнайлы ауданы тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге де кедергі келтіруде. «МАЭК» ЖШС-нің аумағында орналасқан ауыз су құбырының кей бөлігінің қатып қалуына байланысты «Каспий» зауыты тұшытылатын су көлемін сағатына 400 текше метрден 100 текше метрге дейін азайтты.
«Канал Маэктин балансында, олар жумыстар жургизип жатыр. Жалпы биздин мекеме уш районды сумен камтид Мунайлы, Каракия, Тупкараган» — деді «Каспий» су тұшыту зауыты директорының орынбасары Бақыт Шәпкен.
Су тапшылығын болдырмау үшін аудандағы көпқабатты тұрғын үйлерге 5 арнайы көлікпен ауыз су тасымалдануда.