CaspianLife, 17 қаңтар — Жылойда малшылар төрт түлікке су тауып бере алмай отыр, деп хабарлайды CaspianLife.
Сарышұнақ аяз ашық су көздерін қатырып тастаған. Қазір аудандағы 400 ге тарта шаруашылықтың дені Жем өзені бойынан ұзай алмай жүр. Бақташылар амалсыздан мұз ойып әлек. Себебі, қырда су жоқ. Ал 3 мың бас қойды суару үшін кемінде 55-60 үкі оюуға тура келеді екен. Оның өзі қытымыр қыстың ішінде үлкен бейнет.
«Шаруалардың мүмкіншілігі келмей қалып жатыр. Су жағалап кетіп жатыр. Қыстың қытымырлығы қаттылу болып тұр. Бізге Жем өзенінің ағып тұрғанының көп пайдасы бар. Бүкіл шаруашылық осының бойын сағалап отыр. Мемлекеттен көмек мына Жем өзені терең болып ағып тұруы керек. Қазір осы судың кейбір жерлері таяздықтан жабысып қалып жатыр. Ойғанда астында су болмай қалады» — деді шаруа Бақтығали Жиенқұлов.
Ал ауданда жер асты су көздері 80-120 метр тереңдіктен ғана шығады. Малшылардың құдықты қолмен емес, техникамен қаздыратыны айтпаса да түсінікті. Бірақ ол үшін шаруаларға берілетін субсидияны мемлекет қазір өтемейтін болған.
«Біздің ауданда Жем өзені жоқ жердегілер жерасты суын пайдаланады. Скважиналар қазып жерасты суын пайдалансақ өте жақсы болар еді. Бұрын Үкімет тарапынан 80 пайыз субсидия болған. Қазір алып тастады. Соны қайтадан күшіне енгізссе, шаруашылықтарға көп көмегі тиер еді» — деді Жылыой аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұртас Қуатбаев.
Ауданда 21 мың сиыр, 77 мыңнан астам қой-ешкі, 12 мың жылқы мен 10 мыңдай түйе малы бар. Оларға жиналған жем-шөп қоры жеткілікті. Шаруалар тек судан тарығып отыр . Мұндай мәселе тек Жылой ауданында емес, Исатай, Мақатта да өзекті. Ал синоптиктер қаңтар айы құрғақ болады деп болжап отыр.