CaspianLife, 16 қаңтар — Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Ол 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған «Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды» деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.
Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де істің саясиланғанын айтты. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.