CaspianLife, 10 қаңтар — Маңғыстау облысында жанармай құйылған цистерна жарылып, зардап шеккен азамат ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды CaspianLife.
Жарылыстан соң 34 және 42 жастағы екі тұрғын түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген болатын. Дәрігерлердің айтуынша екінші науқастың жағдайы ауыр.
«Өткен түні 1989 жылы туған жәбірленуші қайтыс болды. Оның басын, бет-мойнын және қолының 15 пайызын күйік шалған. Екінші 1981 жылғы азаматтың бас сүйегіне зақым келіп, оң жақ аяғы мен оң иығы күйіп қалған. Жағдайы ауыр» — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтубаева.
Оқыс оқиға Мұнайлы ауданындағы жекеменшік компанияның базасында болды. Қазіргі уақытта жарылысқа не себеп болғаны анықталып жатыр.