CaspianLife, 6 қаңтар — Индерлік шаруалар төрт түліктеріне су тауып бере алмай отыр, деп хабарлайды Caspian Life.
Каналдар қатып қалған. Түйе мен сиырдың және жылқы малы Бағырлай, Алғабас-Жорық каналдарын жағалап, тіршілік нәрін іздеп жүр. Амалдың жоқтығынан малшылар өздері үкі ойып, мәселені шешуге тырысып-ақ жатыр.
Бірақ, одан шыққан су жан-жақтан анталаған малдың жұмырына жұқ болар емес. Әрі каналдарға кезінде айдалған су деңгейі де төмен түсіп кеткен. Аудан басшысы Дарын Шамұратов су жетіспегенмен, одан қырылып жатқан мал жоқ дейді. Қазір «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп, қажетті жұмыс жасалып жатқан көрінеді.
Индер ауданында ресми түрде 320 шаруа қожалығы тіркелген. Оның 60-қа жуығына қарасты төрт түлік Бағырлай, Алғабас –Жорық, Ақсай, Қурайлы сай каналдарынан су ішеді.