CaspianLife, 6 қаңтар — Атырауда 8 қаңтардан бастап күн күрт суиды. Оған арктикалық антициклонның біздің елімізге қарай ойысуы себеп, деп хабарлайды Caspian Life.
Соған байланысты облыстың солтүстігі мен солтүстік шығысында тұман түсіп, Индер, Қызылқоға аудандарында қар жаууы мүмкін. Аймақтың басым бөлігінде түнде ауа температурасы -15 градустан -27 градусқа дейін, кей жерлерде -31 градусқа дейін төмендейді деп болжайды мамандар. Күндіз сынап бағанасы -15 пен – -18 градус аралығында болады. Ал желдің екпіні секундына 9-20 метрге дейін жетуі мүмкін.