CaspianLife, 20 желтоқсан — Атырауда жүргізушіні жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Caspian Life.
Полиция департаментінің хабарлауынша, 19 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Әуезов көшесі, 52а үй тұсында көлік жүргізушісі 48 жастағы азаматты қағып кетті. Өкінішке қарай, зардап шеккен ер адам оқиға орнында қаза тапты.
Полицейлер мемлекеттік белгісі мен маркасы белгісіз көлікті іздеп, Стаханов көшесінде орналасқан гараждардың арасынан Mercedes Benz көлігін тапты. Кейін 34 жастағы жүргузішінің мас күйде көлік айдағаны анықталды.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен және 347-бабымен Атырау қалалық Полиция басқармасының №1 полиция бөлімінің қылмыстық іс тіркеліп, жедел тергеу тобымен тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды.