CaspianLife, 5 желтоқсан — Атырауда Номад ММА-ден Қазақстан Республикасының кубогі өтіп, 200-ден астам спортшы бақ сынады, деп хабарлайды CaspianLife.
Оның ішінде 150 адам Атырау өңірінен. Бапкердің айтуынша басты мақсат ұлттық құрама сапына енетін үздіктерді анықтау.
«Бұл осымен үшінші рет өткізіліп тұрған шара. Мақсатымыз — атыраулық спортшылар арасында бәсекені күшейту», — дейді Номад ММА федерация бапкері Ибаргим Лұқпанов.
Жарысқа Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, БҚ және Атырау облысының спортшылары қатысты. Олардың қай-қайсысы да алдағы уақытта әлемдік деңгейдегі сайыстарда үздік атанғылары келеді.
«Жарыс жақсы деңгейде өтіп жатыр. Жылдан-жылға жаттықтырушылар мен олардың шәкірттері тәжірибелерін шыңдауда. Бұл спорт түрімен 2-3 жылдан бері айналысамын. Ал осы сайысқа 2-3 ай дайындалдым және 1 орынды иелендім. Спортшыларға айтарым көп шынығып, көбірек жаттығу керек. Алға қойған мақсат көп, өзімді көрсету үшін әлемдік аренаға шыққым келеді», — спортшылардың бірі Темірдан Карпов.
Кубок қорытындысында командалық есепте Атырау облысы бірінші, Қостанай екінші, ал Қарағанды облысы үшінші орынды жеңіп алды.