CaspianLife, 28 қараша — Атырауда грек-рим күресінен 2008-2010 жылғы жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншіліктің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, аталмыш жарысқа Атыраудағы 4 спорт мектептерінің 60-қа жуық спортшысы 10 салмақ бойынша сынға түсті.
«Додаға мықты спортшыларымыз қатысты. Бұл жарыс Қазақстан чемпионатына іріктеу болып табылады. Жеңімпаздар алдағы сайысқа жолдама алады», — деді аға жаттықтырушы Қайырбек Беріков.
Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстың грек-рим күресінен аға-жаттықтырушы Ербол Адилбаев және халықаралық дәрежедегі бас төреші Саламат Шыныбеков қатысты.
Жарыстың нәтижесі бойынша 38 келі салмақта Наурызбек Темірғали, 41 келі салмақта Нұрислам Алиев, 44 келі салмақта Максут Кете, 48 келі салмақта Фархат Махмадиев, 52 келі салмақта Иса Тұрған, 57 келі салмақта Бекзат Жолдас, 62 келі салмақта Дастан Жарылғас, 68 келі салмақта Ерназар Сағындық, 75 келі салмақта Айсұлтан Жұмағали, 85 келі салмақта Еркебұлан Бекболатов жеңіске жетті.