CaspianLife, 28 қараша — Атырауда антикор Аққыстаудағы көпбалалы отбасыға арналған 3 тұрғын үй құрылысын бақылауға алды, деп хабарлайды CaspianLife сайты.
Облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Досанов Аққыстауға сапары барысында осылай деп мәлімдеді.
Антикор ауылдағы 60 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй құрылысында мемлект бюджетін ұрлау қаупі бар екенін анықтаған. Құрылыс барысында Исатай ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғалары атқарылған жұмыстар туралы жалған актіге қол қойыпты. Яғни, Тапсырыс беруші төлем жасады, ал барлық 3 тұрғын үй бойынша жұмыс 330 млн теңгеден астам сомаға орындалмады. Департамент нысанды әлі пайдалануға бермегендіктен, жымқырудың алдын алу мақсатында мердігер барлық міндеттемелерді орындауы үшін облыс басшылығының атына хат жолдады және барлық кемшіліктерді жою туралы жауап хатын алды. Пайдалануға берілгенге дейін объектінің құрылысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында болады.
Айта кетейік, бұл нысан 180 көпбалалы отбасыға арналған..