CaspianLife, 21 қараша — Атыраулық спортшы Русланхан Мадыханов Бірікке Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласында өткен бразиялық джиу-джитсудан 4-ші рет әлем чемпионы атанды.
Ол 75 мемлекеттен келген спортшылар қатысқан әлем біріншілігінде 69 келі салмақта күш сынасып, үздік атанды. Ал оның шәкірті Серікжан Накешев 94 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды. Қос спортшыны жанкүйерлері әуежайдан күтіп алып, қошемет көрсетті.