CaspianLife, 20 қараша — Өңірдегі учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үй-үйді аралап, дауыс жинауға кірісті. Олар учаскеге келе алмайтын жандарға арнайы жәшік апарып, дауыс берулеріне мүмкіндік жасап отыр.
Қаладағы №8 сайлау учаскесінің мүшелері 71 жастағы зейнеткер Бақтылы Кемалованың отбасына барды. Ұзақ жыл мұнай-газ саласында еңбек еткен қария денсаулығына байланысты үйінен дауыс берді.
«Бірінші рет үйге келіп, сайлауға дауыс алып жатқандары. Денсаулығыма байланысты келіп тұрсыздар. Рақмет, еліміз тыныш, халқымыз аман, қазағымыз жасай берсің! Балаларымыздың, немерелеріміздің болашағы жақсы болу үшін беріп жатырмын дауысымды»,- дейді қаланың тұрғыны Бақтылы Кемалова.