CaspianLife, 17 қараша — Атыраудағы ықшам аудандарда 2 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жұлдыз және Көктем ықшам аудандарында 160 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталды. Екі нысан «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасы аясында салынды. Жұлдызда мөлтек ауданындағы балабақшаны «Егеменді-құрылыс» ЖШС салса, Көктемдегі балабақшаның кірпішін «Диар и компания» ЖШС мердігер мекемесі қалады. Бір гектар жерге орналасқан мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ауданы 1749,62 және 1584 шаршы метр.
Айта кетейік, аталмыш нысандардың құрылысы былтыр желтоқсан айында басталған еді.
«Мұнда 160 балаға 7 топ қарастырылған. Әрқайсысы 20 баладан 2 жастағы кіші үш топ, 25 баладан 3 жастағы екі орта топ және 25 баладан 4-5 жастағы екі ересек топ. Балабақша заманауи үлгіге сай жасақталынған. Балабақша асхана, спорт алаңы, саз және спорт кабинеті, сонымен қатар балалар ойнайтын лабиринт құрал-жабдықтарымен қамтылған», деді облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов.
Екі балабақша жыл соңына дейін қолданысқа беріледі деп күтілеуде.