CaspianLife, 16 қараша — Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota жүргізушісі қарама-қарсы бағытта шығып, Mercedes-пен соқтығысықан. Соқтығысу салдарынан неміс иномаркасы бірден өртеніп кетіпті.
«Toyota жүргізушісі алдымен менің артымда келе жатты, кейін жылдамдығын үдетті. Сағатына 145-150 шақырыммен жүрді. Өте қатты соғылды», – дейді куәгер.
Mercedes көлігінің ішінде 2 адам өртеніп кеткен.
«Қазіргі уақытта өрт толығымен өшірілді, сол жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Мұнайлы аудандық полиция бөлімінде тіркелді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.