CaspianLife, 8 қазан — Атырауда қала күніне орай байдарка мен каноэде ескек есуден турнир өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Атырау қаласы әкімі аппаратының жетекшісі Самат Емберген бұл спорт түріне облыс және қала әкімдігінің қолдауы артқанын айтып, қатысушыларды қала әкімінің атынан құттықтап, сәттілік тіледі», — делінген әкімдіктің әлеуметтік желі парақашасында.
Аталмыш шараға 50-ге жуық спортшы қатысты. Айта кету керек, облыс тарихында ескек есу спортының өзіндік орны бар. Қазақстандағы байдарка мен каноэ спортының іргетасы Атырау қаласында қаланған. 1954 жылы ескек есушілердің Қазақстандағы алғашқы командасы құрылды. Ал, 1955 жылы, қаламызда алғаш рет ел біріншілігі өткізілген болатын.