CaspianLife, 3 қараша — Атырауда 30-ға жуық көлікті тонаған ұры қолға түсті. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Атырауда үш тұрғын қаладағы 29 көліктің бөлшектерін және ішіндегі ақшаларды қолды қылған. Жәбірленушілерге келген залал 2,5 млн теңгені құрайды.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарына сәйкес барлығы 26 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.