CaspianLife, 26 қазан — Назарбаев ұлттық зияткерлік мектебінің түлегі Жүсіпхан Аманмыраз Нью-Йорк тұрғындарының алдында «Ерке сылқым» күйін орындап берді.
Видеоны қала мэрі Эрик Адамс инстаграм парақшасына жариялады.
«Бүгін біз Қазақстанның тәуелсіздігін тойлау үшін көк туымен бірге Нью-Йорк тұрғындарының жігері мен рухын көтереміз. Біз әлемге туған қаламыздың алуан түрлілігінің сұлулығын көрсетеміз. Нью-Йорк қаласы деп атайтын таңғажайып экспериментке қосқан үлестеріңіз үшін рахмет», — делінген пост астындағы жазбада.
Айта кетейік, домбыра құлағында ойнаған Жүсіпхан Аманмыраз қазір Нью-Йорктегі Purdue университетінде «Бизнес аналитикасы және ақпаратты басқару» мамандығы бойынша білім алуда.