CaspianLife, 19 қазан — Атырауда тозығы жеткен футбол алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қала аумағында 48 футбол алаңы күтіп ұстамау мен бұзақылықтан ескірген. Қазіргі таңда оның 35-не жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Алаңдардың техникалық ерекшеліктеріне сәйкес қоршаулары мен жасанды көгал жабындыларын ауыстыру жұмыстарын жүргізу көзделуде. Сонымен қатар, орындық пен қоқыс жәшіктерін орналастыру қарастырылған», — делінген қала әкімдігі инстаграм парақшасында.
Сонымен бірге, биыл жыл соңына дейін 20-ға жуық ойын алаңы халық игілігне беріледі деп жоспарланған. Ал, қалған алаңдағы жөндеу жұмыстары келер жылдың бірінші жарты жылдығына дейін жалғасын табады. Тиісті жұмыстарды «Жайық-Сити» мердігер мекемесі атқаруда.