CaspianLife, 18 қазан — Атырау қаласының прокурорлары мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді 250-ден астам рет заңсыз тексергенін анықтады. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.
Нәтижесінде үш жүзден астам заңсыз актінің күші жойылды. Мысалы, Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкері кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерісті тіркемей, құжаттарды сұратыпты. Жалпы кәсіпкерлердің құқықтарын бұзған 20-ға жуық мемқызметкер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Биыл үшінші тоқсанында прокурорлар 2100 астам кәсіпкердің құқығын қорғады, 4 проблемалық мәселелері шешілді. Атап айтқанда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация Атырау облысы бойынша филиалымен шағын кәсіпкерлік субъектілерін алғашқы тіркеуден заңсыз бас тарту тәжірибесі тоқтатылды. Заңға сәйкес бұл бизнес субъектілерін тіркеуден бас тартуға тыйым салынады», — дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.