CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық самбошылар әлем чемпионатынан жеңіспен оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялыр қызметі хабарлады.
14-16 қазан аралығында Арменияның Ереван қаласында өткен самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем біріншілігінде атыраулық спортшылар 4 қола және 1 күміс медаль жеңіп алды.
Атырау қаласынан 6 спортшы қатысты.
«3 күнге созылған додада қыздар арасында 3 қола, 1 күміске және ұлдар арасында 1 қолаға ие болдық. Бұл — біз үшін үлкен мәртәбе», — деді самбо күресінің аға жаттықтырушысы Абу Аманжан.
41 келі салмақта өнер көрсеткен Әсел Русланова күміс жүлдегер атанса, 49 келіде Алихан Жұмабек пен 53 келіде Қазбек Аңсаған қола медальды қанағат тұтты. Сондай-ақ, 59 келі салмақта Шынар Бітімбай мен 72 келіде Аружан Жандарбай үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, жарысқа 23 мемлекеттен 460 спортшы қатысты. Қазақстан самбошылары бұл додадан 5 алтын, 13 күміс және 24 қола жүлде иеленген.