CaspianLife, 11 қазан — Атырауда ерлі-зайыпты заңсыз психотропты дәрі сатумен айналысқан деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Атыраулық тәртіп сақшылар 10 қазан күні сағат 16:00 шамасында профилактикалық іс-шара барысында психотроптық дәрі сатумен айналысқан 40 жастағы ер адам мен 35 жастағы әйел адамды қолға түсірді. Ерлі-зайыптылардың пәтерінен 171 трамадол мен 97 тропикамид дәрілері (дәрігердің тағайындауымен ғана беріледі) тәркіленді.
Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты іс-құжаттар жинақталуда. Анық болғандай, әйел адам бұған дейін де осы заңсыздық бойынша жауапкершілікке тартылған еді.
Бұдан бөлек, полицейлер жыл басынан бері заңсыз психтропты дәрі сатумен айналысқан 20 күдіктіні анықтады.