CaspianLife, 4 қазан — Каспий теңізінің Жанбай ауылы тұсындағы жағалауында батып қалған көліктің жүргізушісі мен жолаушысы құтқарылды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 55 және 79 жастағы екі азаматтың жағдайы қалыпты екендігін және олардың Аққыстау ауылына жеткізілгендігін хабарлады. Құтқару жұмыстарына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен шекарашылар, жалпы саны 7 адам жұмылдырылып, 3 техника пайдаланылған.
Ал әлеуметтік желілерде тараған мына бейнероликке қатысты құтқарушылар өздеріне қоңыраудың түспегендігін мәлімдеді.