CaspianLife, 3 қазан — Атырауда №3 ХҚКО-ның ғимараты жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының директоры Мұса Хайруллиев өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.
Азаттық көшесінде орналасқан №3 ХҚКО уақытша Нұрсая ықшам ауданы Әбілхайыр Хан даңғылында орналасқан №1 ХҚКО-ның ғимаратына көшеді.
«Егер сіз #3ХҚО-ға бұған дейін құжаттар тапсырсаңыз, дайын болған құжаттарды сол ғимараттың 2-қабатынан ала аласыз», — делінген жазбада.