CaspianLife, 19 қыркүйек — Соңғы кездері қала тұрғындарының арасында «краннан ағатын судан дуст иісі шығады» деген ақпарат тарады. Және әлеуметтік желілерде суды тазалау кезінде химиялық қоспалардың шамадан тыс қолданылатындығы айтылуда.
Бірақ «Атырау облысы Су арнасы» мекемесі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Тазалау жұмыстары бұрынғы режимде жүріп жатыр. Соңғы кездері Жайық өзенінен алынатын судың сапасының нашарлауына байланысты тазарту барысында реагент көбірек пайдаланылатын болды. Бірақ, көлемі рұқсат етілген нормадан асқан жоқ. Зертханада судың сапасы сағат сайын тексеріледі. Дезинфекциялық реагенттерді нормадан асыру дерегі тіркелген жоқ», — «Атырау облысы Су арнасы» КМК баспасөз хатшысы Александр Пастухов.