CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырауда азық-түліктің бағасына шағымдануға арналған call-орталық жұмысын бастады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Мұндай call-орталықтар еліміздің барлық өңірінде бар. Олар үй жанындағы дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қымбатшылығын бақылау үшін құрылған.
Қоңырау алдымен Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Атырау облыстық дапартаментіне түседі. Ал call-орталықтың кеңесшілері әрі қарай қандай қадам жасайтынын айтып, кеңес береді.
Бірақ кәсіпкерлер немесе тұрғындар шағымданған жағдайда сауда орнының атауы мен мекенжайын нақты білуі, алған тауардың суреті және түбіртегі міндетті түрде өзінде болуы керек. Бұл бағаны негізсіз көтерудің жолын кесетін бірден-бір әдіс болмақ.
Хабарламалар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 19:00-ге дейін қабылданады.
Байланыс нөмірі: 87023648010.
Сондай-ақ жұмыс және демалыс күндері азаматтар Сауда және интеграция министрлігінің Facebook, Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы өтініштер қалдыра алады.