CaspianLife, 16 қыркүйек — Атырау облысында индерлік азамат 30 жылдай ескі төлқұжатпен жүрген деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Индер ауданының 58 жастағы тұрғыны 1993 жылы алған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үлгісіндегі төлқұжатын жаңартпаған. Сол себепті азамат Индер ауданы көші-қон қызмет тобының қызметкерлеріне келіп, жеке куәлігін жаңарту жөнінде өтініш жасаған.
Мамандар құжатты дайындап, иесіне тапсырғаннан кейін индерлік тұрғын полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының мамандарына алғысын білдірді. Ол құжатты уақытында жаңартпауына отбасылық мәселелер себеп болғанын жеткізді.