CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырауда ауданы шамамен 4 гектар қамыс өртенді деп хабарлайды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 14 қыркүйек күні кешкі сағат 20:40 шамасында Кеңөзек ауылдық округініен 15 шақырым жерде болды. Өртті сөндіруге департаменттің 8 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, сондай-ақ, Ақжайық резерват (3 қызметкер, 1 бірлік техника Нива). Ш/Қ (3 қызметкер, 3 бірлік техника Трактор) жұмылдырылды.
Қазір жағдай тұрақты. 15 қыркүйекте Атырау облысы ТЖД 2 қызметкер 1 бірлік техника, Ақжайық резерват 15 адам мен 3 бірлік техника жану орнында кезекшілікте.