CaspianLife, 15 қыркүйек — Атырауда өзбекстандық азамат заңсыз оқ-дәрі сақтаған деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылар жүргіхген жедел іздестіру іс-шарасы барысында оқ-дәріні заңсыз сақтаған өзбекстандық қолға түсті. 36 жастағы тұрғынды тексеру кезінде жауынгерлік патрондар табылып, тәркіленді. Одан бөлек, азаматтың деструктивті діни ағымның ұстанушысы екендігі анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, сотқа жолданды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда.