CaspianLife, 23 тамыз — Атырауда биыл 4 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
7 айдың ішінде жол ережесін бұзған 1700-ден астам жүргізуіш әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 174 жүргізуші қарсы қозғалыс бағытына қарай шыққан, ал 318 азамат рөлді мас күйінде басқарған.
6 айда 70 жол апатынан 4 адам мерт болып, 71 адам жарақат алды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің қатысуымен 77 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапты. Тағы 37 адам зардап шеккен.
Полицейлердің айтуынша, жол апатына көбіне жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу және жүргіншілердің жолдан өту ережелерін бұзу себеп болады.
Мұндай оқыс оқиғалардың алдын аул үшін жергілікті полиция қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп тұрады.