CaspianLife, 17 тамыз — Атырау облысының әкімдігі «QIYAL ATYRAU» тұрғын үй-құрылысына асығыс ақша салмауға шақырды. Бұған аталмыш кооперативтің рұқсат құжаттарын алмауы себеп деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
«Қазіргі таңда Атырау облысының Әділет департаментінде «QIYAL ATYRAU» тұрғын үй-құрылыс кооперативі тіркелгенін хабарлаймыз. Айта кетейік, осы ТҚК, тұрғын үй кешенінің құрылысын бастауға рұқсат құжаттарын алмаған. Осыған байланысты, рұқсат құжаттарынсыз салынып жатқан тұрғын үйлерден пәтер сатып алуға қаражат аударуға асығыстық танытпауға және аталмыш тұрғын үйлерден пәтер сатып алу кезінде де қырағы болуға шақырамыз», — деп мәлімдеді облыстық МСҚБ басқармасының басшысы Ерлан Қабдинов.