CaspianLife, 16 тамыз — Атырауда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра көлік тізгініне мас күйінде отырған 15 адам бас бостандығынан айрылды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Облыстық полиция департаментінің Анықтау басқармасы жыл басынан бері 15 қылмыстық істі тергеді. Атап айтқанда, бұрын көлікті мас күйде басқарып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған тұлғалар қайтадан спирттік сусын ішіп, рөлге отырған.
15 жүргізушінің ісі сотта қаралып, олар айыппұл төлеп құтылғылары келгенімен, барлық заң бұзушыларға 6 ай мен 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Айта кетелік, 15 жүргізушінің 2-еуі әйел адам.
«Құқық бұзушылықтар екінші рет қайталанғандықтар сотқа дейінгі қылмыстық іс жүргізілді. Тиісінше сот шешімімен жаза тағайындалды», — дейді Анықтау басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ануарбек Төрәлі.