CaspianLife, 15 тамыз — Атырауда өз ағайынының 5 млн теңге қаражатын ұрлаған күдікті ұсталды деп хабарлайды қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
26 жастағы күдікті Балауса ықшам ауданында тұратын 58 жастағы туысының 30 мың АҚШ доллар ақшасын көріп қалған. Қаражаттын барлығын алып кете алмаған соң, 8 мың АҚШ долларын үйдің әжетханасына тығып, тағы 3 мың АҚШ долларын үйден алып кеткен.
Жергілікті полицейлер күдіктіні анықтап, оны ұстады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.