CaspianLife, 2 тамыз – Діни мазмұнда материал таратқан атыраулық тұрғын анықталды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Заңсыз діни материалдардың таралуы мен олардың алдын алу мақсатында жүргізілген рейд барысында 28 жастағы атыраулық өзінің Instagram парақшасына заңсыз діни ағымдағы аудиожазбаларды жариялаған.
Аталған факті бойынша тұрғынға қатысты хаттама толтырылып, 107 205 тг көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі жеке парақшасы 3 айға бұғатталды.