CaspianLife, 27 шілде – Атырауда қатты желден №26 мектептің шатыры ұшып кетті. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мекеме өкілдері жағдай облыс басшылығының қатаң бақылауында екенін айтады. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда шығын көлемі есептелуде.
Айта кетлік, С. Датов атындағы №26 мектеп 1992 жылы салынған және 624 орынды қамтиды.