CaspianLife, 1 шілде — Құлсарыда «Жайық Жарығы» ЖШС көшелерге сапасыз жарық орнатқаны үшін директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталмыш компания осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік сатып алу бойынша 150 мың теңгеден астам соманы жеңіп алған болатын. Бірақ, мекеме заңнама талаптар мен шартта көрсетілген міндеттерді бұзып, сапасыз жарық орнатқан. Нәтижесінде мемлекетке 4 млн теңге көлемінде залал келді.
«Жайық Жарығы» ЖШС-нің басшысы сот шешімімен кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айрылды. ҚК-нің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.