CaspianLife, 30 маусым – Атырауда 5 жасар егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Екеуі де ауыр халде облыстық балалар ауруханасына жеткізілді деп хабарлайды облыстық ТЖД.
Дерек бойынша, терезедегі москит торы балалардың салмағын көтере алмаған.
Биыл облыста осындай 2 оқиға тіркеліп, 3 бала түрлі деңгейде жарақат алды. Осындай оқиғаға көбіне 5 жасқа дейінгі балалар түседі дейді ТЖД өкілдері. Мамандар қауіпсіздік шараларын сақтап, төмендегі ережелерді ескеру қажет екенін айтады:
- Балалар терезеден құлап кетуі мүмкін, егер ол 12,5 см-ден астамға ашылса.
- Барлық терезелерде 12,5 см-ден астам ашуға мүмкіндік бермейтін тақтайлар немесе қоршаулар орнату қажет. Механизмдер жабық терезе режимінде ғана емес, «желдету» режимінде де жұмыс істейді.
- Терезенің қасында балалармен йнамаңыз. Көлікті, өтіп бара жатқан және т. б. көрсету үшін оларды терезе алдына қоймаңыз.
- Терезенің жанында оңай көтерілетін жиһаз қоймаңыз және москит торына сенбеңіз.
- Жалюздің жіптерімен шынжырлар ілінбеуі керек: олар балаға терезеге шығуға көмектеседі.
- балконды жабу керек.
- Балаларды аз уақытқа да қараусыз қалдырмаңыз.