CaspianLife, 27 маусым — Республика бойынша бүгінде жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша 919 мың салық төлеушінің берешегі 24,3 млрд теңгені құрады, оның ішінде қарыздың көп сомамсы көлік құралдары салығына тиесілі – 22,8 млрд. теңге. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Биыл 17 мамырдан бастап салық сомасын уақытында өтемеген тұлғаларға 1 АЕК-тен жоғары берешек сомалары бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрықтарын жолдау басталды.
Қарыз төленбеген жағдайда салық бұйрығы табыс етілген күннен кейін 5 жұмыс күні өткен соң, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі. Өз кезегінде, жеке сот орындаушылары «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы « Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк шоттары мен мүлкіне тыйым салу түрінде мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқығы бар.
Егер қарыз 40 АЕК-тен асса, азаматқа елден шығуға тыйым салынуы мүмкін.