CaspianLife, 22 маусым — ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілетінін мәлімдеді.
«Шын мәнінде, біз биыл олардың жалақысын 50 пайызға көтереміз. Екіншіден, қызметкерлерді ынталандырудың тиісті жүйесі бар. Мәселен, call-орталықтың бір қызметкері 100 өтінім, ал екіншісі 10 өтінім бойынша қызмет көрсетуі мүмкін. Осы орайда күніне 100 өтінімді қабылдаған адам басқаларына қарағанда 50% немесе 100% жоғары жалақы алады», — деді министр.
Осы орайда ол Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері арасында қарастырылған өтінімдер саны бойынша ынталандыру жүйесі бар екенін де тілге тиек етті.