CaspianLife, 14 маусым — Атырауда жыл басынан бері камера көмегімен 111 қылмыс, Жылыой ауданында 2 қылмыс ашылды. Бұл туралы өңірлік ПД-нің штаб басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Қайырлиев мәлімдеді.
Атырау қаласының өзінде 3507 бейнебақылау камерасы орнатылған, оның 1997-сі «Сергек, 759-ы жедел басқару орталығына, 750 камера «Интеграция» жүйесіне тиесілі.
Қайырлиевтің айтуынша, биыл бейнебақылау камераларының көмегімен 8671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның 7522-сі Атырау қаласында болса, 1149-ы Жылыой ауданында тіркелген екен.
Ал, «102» операторына 42 260 қоңырау түскен екен.