CaspianLife, 19 мамыр — Екі жылдың ішінде Қазақстанда темекі қымбаттайды, деп мәлімдеді Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
«2024 жылға дейіносы тауарға тарифті көтеруді жоспарлап отырмыз. 1000 данасы 16 мың тг болса, 20 данасы бір қорап шамамен 300-350 тг болады», — деп жауап берді министр.
Министр ЕАЭО елдері тауарлардың жекелеген түрлері бойынша акциз мөлшерлемесін 2025 жылға дейін жақындатуы керектігін айтты.
«Мұндай тауарлардың ішінде алкоголь мен темекі бар. Темекіге қатысты келісім қазірдің өзінде ратификацияланған. Алкоголь өнімдеріне келетін болсақ, еліміздегі акциз айтарлықтай жоғары, бірақ соған қарамастан ЕАЭҚ аясында тиісті келісім дайындалуда», — деді.
Бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемесін көтеру туралы заңға қол қойды.