CaspianLife, 17 мамыр — Ақтауда Каспий теңізіне түскен төрт жігіттің үшеуі суға кетті. Құтқарушылардың мәліметінше, олардың біреуі Ақтау, қалған екеуі Қарағанды қаласының тумасы.
Қайтыс болған азаматтардың мәйіті 2 сағат ішінде табылып, судан шығарылды.
Маңғыстау облыстық ТЖД басшысыың орынбасары Бекболат Әбдіқадыровтың сөзінше, қайтыс болғандардың біреуі 15 мамырда үйленген екен.
«Қарағандының екі азаматы 23 жастағы ақтаулық жігіттің тойына келген. Алғашында суға түскен екі жігіттің батып бара жатқанын байқаған соң қалған екеуі құтқаруға ұмтылған. Бір жігітті оқиға куәгері құтқарып қалды. Аман қалған 26 жастағы Бейнеу тұрғынының жағдайы жақсы, дәрігерлердің рұқсатымен үйіне жіберілді», — дейді ТЖД қызметкері.