CaspianLife, 11 мамыр — Бүгін әкімдік ғимаратының жанына «West Recycling Company» ЖШС-нен «Green City» ЖШС-не көшкен 400-ге жуық тазалықшы жиналды. Жұмысшылардың айтуынша, оларға дауды шешудің қолайлы шарттары ұсынылған.
Аталмыш компания Ақтау қаласының санитарлық тазалығына жауапты.
Серіктестік жұмысшыларының бірі келісім-шарт бойынша 112 500 тг жалақы болғанымен, аударымдарды қоспағанда қолға 83 мың тг ғана алатынын жеткізді.
«Мен аптасына алты күн жұмыс істеймін: бес толық күн, сенбі — қысқа күн. Бізге қала әкімі шығып, екі айдың ішінде қолымызға 120 мың теңге төлейтінін, содан кейін жалақының одан да көбейетінін айтты», — деді компания қызметкері.