CaspianLife, 10 мамыр — Ақтауда наурыз айында 44 азық-түлік өнімінің бағасы өсті. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Бағаның өсуі 4 теңгеден 543 теңгеге дейін құрайды. Әсіресе, ұн, нан, жарма, макарон өнімдері, ет және сөре өнімдері қымбаттады.
Кептірілген өрік 464 теңгеге (3747 тг), салқын ысталған скумбрия 543 теңгеге (3099), сары май 333 теңгеге (3943 тг) және қатты ірімшік 161 теңгеге (3746 тг) қымбаттады.
Сүйекті қой еті 310 теңгеге (2951 тг), жартылай ысталған шұжық 249 теңгеге (3348 тг), сүйегі бар жылқы еті 237 теңгеге (2600 тг) өсті.
Жоғары сұрыпты бидай ұны мен одан жасалған нан сәйкесінше 33 және 23 теңгеге, ал қара бидай наны 38 теңгеге қымбаттады. Пияз, қызылша, сәбіз 63,20 және 42 теңгеге қымбаттады.
Қазір қанттың келісі 392 теңгеден сатылуда, бұл бұрынғы бағадан 22 теңгеге қымбат. Ал жұмыртқаның он данасы 419 теңгеден тұр. Бұған дейін 29 теңге арзан болған.
Сондай-ақ, кей өнімдердің бағасы түсті. Мәселен, қияр 22 теңгеге (864 теңге), қызанақ 53 теңгеге (863 теңге) арзандады.