CaspianLife, 3 мамыр — Ақтауда ауыз су тарифі текше метріне 225,2 теңгені құрайды. Бұл республикалық көрсеткіштен үш есе көп.
Energyprom.kz сайтының хабарлауынша, суық су тарифі айтарлықтай өзгермеген. Алғашқы үш айда бағаның төмендеуі байқалады: қаңтарда — 0,4%-ға, ақпанда – 0,7%-ға, наурызда – 0,2%-ға.
Қазақстан бойынша орташа тариф: 1 текше метр салқын су 70,2 теңгені құрады. Қымбат су рейтингінде Ақтаудан кейін Қарағанды (1 текше метрге 101,2 тг) және Шымкент (1 текше метрге 95,2 тг) қалалары орналасқан.
Ең арзан тариф Орал (1 текше метрге 36,8 теңге), Павлодар (1 текше метрге 42,9 теңге) және Қызылорда (1 текше метрге 44,9 теңге) қалаларында тіркелді.