CaspianLife, 29 сәуір — Ақтау тұрғыны Rixos қонақүйінен Қаракөл көліне апаратын құбырды видеоға түсіріп алды. Бейнежазба авторы ағып жатқан қалдық су болуы мүмкін деп күдіктенеді. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоға қатысты Маңғыстау облысының экология департаменті түсініктеме берді. Олар компанияның тазартылған суды ағызуға рұқсаты бар екенін айтты.
«Заң бойынша белгілі бір стандарттар шегінде суды ағызуға болады. Ол жерге хлорсыздану процессінен өткен бассейн суы ағызылады. Компания ағызылған су туралы есепті тұрақты беріп отыруы қажет», — деді басшылық.
Экологтардың айтуынша, бұрын иелері ешқандай есеп бермеген соң «Rixos-ке» айыппұл салынып, заңбұзушылықты реттеуді міндеттеген.