CaspianLife, 28 сәуір — Осыдан бірнеше жыл бұрын Нұрлан Ноғаев облыс әкімі болған кезде тұрғындармен кері байланыс орнату үшін Тelegram-дағы «әкімдік» чаты жұмыс істеп тұрған еді. Бірақ облыс басшысы ауысқаннан кейін чат әкімшілігі сауалдарға жауап бермеген соң, белсенділігі төмендеп кетті.
Серік Шәпкенов жаңа әкім болып тағайындалғаннан соң әкімдіктің баспасөз қызметі азаматтардың өтінішін қабылдау үшін чатты қайта іске қосатынын хабарлады. Тұрғындар Telegram арқылы мемлекеттік органдарға, облыс әкімінің орынбасарлары мен коммуналдық қызмет басшыларына сұрақтарын қоя алады.
«Азаматтардан чат арнасында этикалық нормаларды сақтауды сұраймыз, қойылған сауалдарға бір-екі жұмыс күнінде жауап беретін боламыз. Чатқа қосылу үшін https://t.me/akimatatyrau сілтемесіне өтіңіздер», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.