CaspianLife, 25 сәуір — Ақтау билігі жаңа шағынаудандардың бірінен жаңа стадионға орын бөлді.
Meta-ratings.kz сайтының мәліметінше, жаңа стадионның сыйымдылығы 15 000 орынды құрайды.
«Аренаның өзі толығымен УЕФА стандарттарына сай болады делініп отыр. Жобаның құны шамамен 8 миллиард теңгені құрамақ», — делінген ақпаратта.
Айта кетерлігі, Түркістандағы жеті мың орындық стадион құрылысына 12,6 миллиард теңге бөлінген болатын.
Ал ақтаулық «Каспий» құрамасы 5 мың орындық «Жас Қанат» стадионында өнер көрсетіп жүр. Биылғы жазда жасанды жабындыны жаңа жабынға ауыстыру жоспарланып отыр.